Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қырғызстан ҰҚМК бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиев пен тағы жеті кісінің соты басталды

18.05.2026, 16:45 58

Бішкектің Первомай аудандық соты 18 мамырда Қырғызстан ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиев пен тағы жеті адамға қатысты істі қарай бастады. Іс материалдары «құпия» деп танылғандықтан, алдын ала тыңдау жабық өтті. Бұл туралы Азаттық жазды.

Адвокаттардың айтуынша, Ташиевке, экс-спикер Нұрланбек Тұрғынбек уулуна және бұрынғы депутат Құрманқұл Зулушевке “қызмет бабын теріс пайдалану” және “билікті күштеп басып алу” баптары бойынша айып тағылған. Қалған айыпталушыларға «қызмет өкілетін асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылып отыр.

Іс “75-тің хаты” деп аталған үндеумен байланыстырылады. Онда бір топ саясаткер мен қоғам қайраткері елде мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуді ұсынған. Үндеу жарияланғаннан кейін Қырғызстан ІІМ қылмыстық іс қозғап, бірнеше адамды ұстаған. Ташиев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Фото: mk.kg

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: