Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ қызы Әсел – АҚШ мемлекетінің Протокол басшысы

24.11.2022, 15:00 359

HALYQLINE.KZ

2021 жылдың 20 қаңтарында АҚШ-тың 46-шы президенті болып қызметіне кіріскен Джо Байден Ақүйдің Протокол қызметін атқаратын бастығы етіп қазақ қызы Әсел Төленованы тағайындады.

АҚШ-тай алапауыт мемлекеттің президентінің Протокол басшысы болған Әсел Төленова кім?

Әсел Қалиқызы Робертс (Төленова) 1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Әкесі Төленов Қали Бағышбекұлы – Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ойық ауылының тумасы. Руы – Ыстық-Ойық-Сәтек.

1993 жылы Әсел АҚШ-тың Джорджтаундағы Эдмунд Уолша атындағы халықаралық университетінің «халықаралық қатынастар» факультетіне оқуға түскен. ЖОО-ны бітірген соң АҚШ-тың мемлекеттік департаментіне жұмысқа іріктеліп алынған. Барак Обама президент болған кезде, Ақүйдің Протокол хатшысы болады, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын білімді Әселді Барак Обама Протокол бастығының орынбасары етіп тағайындайды. Сол кезде қазақ қызының іскерлігін білген Джо Байден президент болғасын Әсел Төленованы Протокол бастығы етіп қойды.

2001 жылы АҚШ азаматы Шон Робертске тұрмысқа шығып, фамилиясына өтеді. Шон Робертс – Джордж Вашингтон атындағы халықаралық университетінің «халықаралық даму» кафедерасының доценті әрі директоры. Зерттеп жүрген негізгі тақырыбы – Орта Азия елдері. Шон мен Әселдің Айдын атты қызы бар. 2019 жылы әкесі Қалиды АҚШ-қа көшіріп алып кетті.

Әселдің ең алғаш Протокол басшысы болып тағайындалғанын ресейлік «Комсомольская Правда» газетіндегі «Ақүйдегі Протокол басшысы орыстілді АҚШ азаматы болды» деп жар салған мақаласын оқығанда білдім. Бірақ іштарлық көрсетіп, оның қазақ қызы екенін әдейі жазбаған болатын.

Әсел Робертс (Төленова) қазақ, орыс, ағылшын, жапон тілдерін еркін меңгерген. Бірақ, қазақстандық журналистерге сұхбат бермейді, мемлекеттік депертаментте істегендіктен, «оның өз нюанстары болады, қызмет талабына сәйкес келмейді» деген сылтау айтады.

Оның өз себебі бар, қазақ баспасөзі отбасы туралы айта келе, күйеуі американдық азамат екендігін білгесін, «шіріген жұмыртқаға» теңеп қаралай кетіп, «жерден алып, жерге салатын» жаман әдетімізді Әсел қарындасымыз жақсы біледі. Неде болса, биік лауазымдағы АҚШ-тай алапауыт елдің президент Протоколын басқаратын қазақ қызымен мақтануға болады. Өз басым Әселдей шетелде үлкен қызметте жүрген қазақ қыздарын көріп, өз еліміздегі халқына қызмет етсе ғой деп, іштей қынжыламын.

Суретте: Әсел АҚШ пезиденті Джо мен зайыбы Джилл Байденмен.

Күйеуі Шон мен қызы Айдын және бұрынғы президент Барак Обама.

Әселді Барак Обама Ангела Меркельге таныстырып жатыр.

Бақытжан  Абдул-Түменбаев,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: