Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Путин шетелдегі кей ресейліктің паспорт, мүлік және қаржыға қатысты құқықтарын шектеді

05.08.2026, 11:00 54

Ресей президенті Владимир Путин шетелде жүрген және тағайындалған қылмыстық немесе бірқатар әкімшілік жазаны орындаудан жалтарған азаматтарға шектеу енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды halyqline.kz.

Федералдық заң 4 тамызда ресми жарияланды. Жаңа тәртіп бойынша талапқа іліккен азаматтар шетелде жаңа паспорт рәсімдей алмайды, бірқатар консулдық және электрондық мемлекеттік қызметті пайдалану мүмкіндігінен айырылады.

Ресейдегі жылжымайтын мүлік пен көлікті тіркеуге, несие рәсімдеуге, жеке кәсіпкер немесе өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелуге де шектеу қойылады. Банктегі қаражат пен мүлік бұғатталуы мүмкін.

Шектеу шетелде жүрген кез келген ресейлікке автоматты түрде қолданылмайды. Азамат сот немесе әкімшілік жазасын орындаудан жалтарған жағдайда арнайы тізілімге енгізіледі. Нақты шектеулер Әділет министрлігінің тізілімінде оның деректері жарияланғаннан кейінгі күні қолданыла бастайды.

Заң Ресей армиясын «дискредитациялау», санкция салуға шақыру, «шетел агенттері» мен «қалаусыз ұйымдарға» қатысты бірқатар әкімшілік бап бойынша жауапқа тартылған адамдарды да қамтуы мүмкін. Құқық қорғаушылар жаңа тәртіпті азаматтардың елден тыс жерде жүріп көптеген негізгі құқықты пайдалану мүмкіндігін күрт шектейтін тетік деп бағалап отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: