Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Песков Пригожиннің қазасына байланысты болжам айтты

31.08.2023, 9:55 212

HALYQLINE.KZ

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин қаза болған ұшақ арнайы ұйымдастырылған болуы мүмкін деген болжам барын айтты. Бұл жөнінде РБК басылымы жазды.

«Ешқандай шешім шықпағандықтан ештеңе айта алмаймын. Бірақ түрлі версиялар, оның ішінде арнайы қастандық деген де болжамдар бар. Тергеу комитеті жүргізіп жатқан зерттеу нәтижесін күтуге шақырам», – деді ол.

«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша,  халықаралық авиация комитеті Бразилияның әуе апаттарын алдын алу орталығы зерттеуге қатысуға дайын екенін білдіргенде, Ресей оны қабылдамаған.

Апатқа ұшыраған ұшақты бразилиялық Embraer компаниясы өндіргені себепті зерттеуге қатысқысы келген.

Пригожин бастаған тоғыз адам отырған ұшақ 23 тамызда Тверь облысында құлап түсті. Пригожиннің екі ай бұрынғы Кремльге қарсы бүлігін есепке алғанда, бұл әдейі ұйымдастырылған болуы мүмкін деген болжамдар айтылады. Кремль оны теріске шығарып келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: