Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пермь университетінде атыс болып, бірнеше адам оққа ұшты

20.09.2021, 15:00 303

Бүгін таңертең белгісіз біреу Пермь мемлекеттік университетінде адамдарға оқ атты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірнеше адам қаза тапты.

Телеграм-арналарда адамдардың ғимарат терезелерінен секіріп жатқаны бейнеленген видеолар тарады.

Университеттің әлеуметтік желілердегі парақшаларында ғимаратта қалған адамдарға жабық бөлмелерге тығылу керектігі туралы үндеулер жарияланды.

Кейін РБК дереккөзі атқыш ұсталғанын хабарлады. Мәліметті университеттің баспасөз қызметі растады. 112 телеграм-арнасы шабуыл жасаған адамды өлтіргенін хабарлады.

59.ru басылымы ВКонтакте желісінде шабуыл жасаған адамның жазбасын тапқан. 18 жастағы жігіт шабуылға ұзақ дайындалғанын айтқан.

«Дождь» телеарнасының хабарлауынша, Пермь университетіндегі шабуылдан 19 адам зардап шегіп, сегіз адам қаза тапқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: