Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Пекинде Си мен Путиннің келіссөзі басталды

20.05.2026, 9:40 30

Азаттық жазуынша, бүгін күні Пекинде Қытай және Ресей басшылары келіссөз жүргізеді. 

Владимир Путин Тяньаньмэнь алаңына келді деп жазды BBC. Екі басшының құрметіне орай алаң гүлмен көмкеріліп, әскери оркестр қойылған. Қытай және Ресей туларын ұстаған балалар басшыларды құрметпен қарсы алған.  

Бұл Путиннің 2026 жылдағы алғашқы шетелге сапары. 

Бұл АҚШ басшысы Дональд Трамптың Пекинге сапарынан кейін бір аптадан соң болып отыр. 

Екі күнде Ресей басшысы Си Цзиньпин және Қытай мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен кездесіп, «екіжақты қатынастағы сезімтал мәселелерді, халықаралық тәртіп, сонымен бірге «Сібірдің күші – 2″ газ құбыры жобасын талқылайды». 

Ресей-Қытай арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарттың 25 жылдығына арналған салтанатты қабылдау мен екі басшының «шәй үстіндегі» бейресми әңгімесі де жоспарланған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: