Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оппозиция жалпыхалықтық марш өткізгелі жатыр

20.08.2020, 9:05 392

HALYQLINE.KZ

Беларусьте 23 тамызда жалпыхалықтық наразылық акциясы өтпекші, деп хабарлайды centralasian.org

Алдағы жексенбіде оппозиция президент сайлауының ресми нәтижесімен келіспейтіндерді «Жаңа Беларусь маршына» шақырып жатыр. Nexta.Live Telegram-каналында жарияланған ақпаратқа сәйкес, акция Минскіден бөлек өзге қалаларда да өтпек. Президенттіктен үміткер болған Светлана Тихановскаяның бастамасымен құрылған Оппозицияның үйлестіру кеңесі маңызды бағдарламасын жарияламақ.

16 тамызда өткен жалпыхалықтың қарсылық акциясында үш басты талап қойылды: саяси тұтқындарды тез арада босату, Александр Лукашенконың отставкасын талап ету және наразылыққа шыққан адамдарды ұрып-соққан күш құрылым өкілдерін сот алдында жауапқа тарту.

19 тамызда жұмысын бастаған Оппозицияның үйлестіру кеңесі билік өкілдерін келіссөзге келуге шақырды. «Елдегі саяси және экономикалық дағдарыстың тереңдеуіне жауапкершілікті қазіргі билік алады» делінген резолюция мәтінінде.

Олар елде конституция құрылымын өзгертуді мақсат етіп отырмағанын мәлімдеді.

Тамыз айының басында Беларусьте болған президент сайлауының ресми нәтижесі бойынша, қазіргі президент Александр Лукашенко 80 процент дауыс алып, жеңіске жеткен. Оппозиция сайлау нәтижесі бұрмаланғанын мәлімдеп, қайта сайлау өткізуді талап етті. Белсенділердің есебі бойынша, сайлауда Светлана Тихановская басым дауысқа ие болған.

9 тамыздың кешінде басталған наразылық акциясына қатысушыларды құқық қорғау органдары қызметкерлері күшпен тарқатты. Жүздеген адам жараланып, мыңдаған адам ұсталды.

19 тамызда Александр Лукашенко мемлекеттік қауіпсіздік қызметіне акцияны ұйымдастырушыларды табуға тапсырма берді. «Минскіде бұдан былай ешқандай тәртіпсіздік болмауы тиіс. Халық бейбітшілік пен тыныштықты талап етеді», – деді ол Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: