Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өзбекстан президенті 286 адамға рақымшылық жасады

01.09.2023, 12:41 253

HALYQLINE.KZ 

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 286 адамға рақымшылық жасау жөнінде жарлыққа қол қойды. Олардың арасында 30 шетелдік, тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысқан деген 3 адам бар.

Рақымшылық ел тәуелсіздігінің 32 жылдығы қарсаңында жарияланды. Кешірімге ілінгендердің 109-ы жазаны толық өтеуден, 116-cы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.

Бұдан бөлек 25 адамның жазасы жеңіл жазаға алмастырылып, 36 адамның жаза мерзімі қысқартылған.

Рақымшылық берілгендердің арасында 39 әйел, 60 жастан асқан 22 ер адам, 30 шетелдік және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысты деген 3 адам бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: