Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нигерде әскерилер президентті биліктен тайдырғанын жариялады

27.07.2023, 17:47 153

HALYQLINE.KZ

Нигерде бір топ әскери шенді ұлттық телеарнада ел президенті Мохамед Базумды биліктен тайдырғанын, шекара жабылып, комендант сағаты орнағанын жариялады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Осының алдында Нигер президенттік ұланы мемлекет басшысы Мохамед Базумды резиденциядан шығармай қойған. Әуелі президент кеңесі армия мен ұлттық ұлан бүлікшілерді қолдамады деп мәлімет таратқан, алайда бірнеше сағаттан соң Базум биліктен алынғаны мәлім болды.

Нигер президенті Мохамед Базум

Бенин президент Патрис Талон көрші елдегі жағдайды реттеу үшін Нигерге ұшып шыққаны мәлім болды.

Jeune Afrique дереккөздерінің хабарлауынша, бүлікке Базумның президенттік ұлан қолбасшысы генерал Омар Тчианиді қызметтен алғысы келгені себеп болған. Тчиани бұл қызметке бұған дейінгі президент кезінде тағайындалған.

Мохамед Базум 2021 жылы президент болып сайланған.

Нигер – Батыс Африкадағы бұрынғы француз колониясы. Ел табиғи ресурстарға бай. Нигер әлемдегі уран қорының 7 пайызына ие.

centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: