Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхиттың түбінде балық өмір сүре ме?

29.08.2020, 10:00 836

HALYQLINE.KZ Тіршілік иелерінің көбі мұхиттың бетінде өмір сүретіні белгілі. Өйткені мұхиттың жоғарғы жағында қысым аз әрі оттегі мол. Мұхит тереңдеген сайын қысым көбейіп, оттегі азаяды. Содан тіршілік иелерінің өмір сүруіне де жағдай қалмайды.
Мұхиттың 6000 метр тереңдігінде небірі 15 балық ғана өмір сүреді. Ғылымға белгілісі – осы. Ал 8000 метр тереңдікте тіршілік иесін кездестіру – ең қиын іс әрі ғылым үшін сенсация.

Бірақ жапон ғалымдары өткен жылы Мариан шұңғымасы маңындағы жоталарды автоматты батискафпен зерттеген кезде, өте тереңде тіршілік ететін ғылымға белгісіз балықтардың тобын тапқан.

Балықтарды ұстау үшін ғалымдар макрельмен (теңіз балығы) жем-тұзақ құрып, оған аппаратты бекітіп шұңғымаға түсірген көрінеді.
Қолға түскен балықтардың липар тұқымына жататын балықтар екені белгілі болды. Бұрын бұлар 8143 метр тереңдіктен табылған. Енді 8178 метр тереңдіктен табылып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: