Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Медиа: АҚШ пен Иран алдын ала келісімге келді

29.05.2026, 14:40 74

Axios дерегінше, АҚШ пен Иран арасындағы алдын ала келісім атысты 60 күндік тоқтату режимін ұзартуды және Ормуз бұғазында кеме қатынасын қалпына келтіруді көздейді. Мәліметтерге сәйкес, келісім әлі түпкілікті бекітілмеген.

Жобаға сай, Ормуз бұғазында еркін навигация қамтамасыз етіліп, Иран бұғаздан өтетін кемелерден ақы алмауға және оларға шабуыл жасамауға міндеттенеді. Бұған қоса Тегеран 30 күн ішінде бұғазды өзі қойған миналардан тазартуы тиіс. Ал АҚШ Иран порттарына қатысты шектеулерді кезең-кезеңімен алып, санкцияларды жұмсартуды қарастырады.

Алайда АҚШ президенті Дональд Трамп құжатты әлі мақұлдамаған. Ирандық ресми басылымдар алдын ала келісім толық аяқталмаған деп хабарлады. Құжатта Иранның ядролық қару әзірлемейтіні және уран байыту бағдарламасын шектейтіні жөнінде келіссөздер жүргізу туралы талаптар да бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: