Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәскеуде ұсталғандар мінген автозактар абақтылар алдында кезекте тұр

02.02.2021, 14:45 292

Мәскеу мен Санкт-Петербургте 31 қаңтарда Алексей Навальныйды қолдау акциясы барысында ұсталғандар отырған автозактар арнайы қамау орындары алдында әлі кезек күтіп тұр.

Полицияның мәлімдеуінше, кезек 48 сағатқа созылуы мүмкін. Бұл туралы «ОВД-Инфо» хабарлады.

Ұсталғандардың айтуынша, кезекте онға жуық автозак тұр. 23 орындығы бар бір автозакта 31 адамнан бар. Автозак іші салқын, ұсталғандарға су бермеген, оларды әжетханаға жібермеген.

Дәл осындай көріністі Петербургте бақылауға болады. Белсенді Илья Афанасьевтің хабарлауынша, оларды кешке кешке арнайы қамау орнына әкелген. Оларға тамақ пен су бермеген. Микроавтобустар тізіліп тұр. Бір сағатта үш адамды ғана рәсімдеп үлгеріп жатыр.

31 қаңтардағы акциядан соң Ресей бойынша 200-ден астам адам ұсталды. Бұл туралы «ОВД-Инфо» хабарлады.

31 қаңтардағы рұқсат етілмеген акция барысында 89 қалада бес жарым мыңнан астам адам ұсталды. Көшедегі акцияда ұсталған әрбір он адамның біреуі полиция бөлімшелерінде түнеген.

Дереккөз: centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: