Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Лавров Қырғызстанда қабылданған тіл туралы заңға қатысты пікірін білдірді

24.07.2023, 12:15 146

HALYQLINE.KZ

Жуырда Қырғыз Республикасының парламенті мемлекеттік тіл туралы заң қабылдағаны белгілі. Заңда мемлекетік тілді кемі В1 деңгейінде, яғни орташа дейгейде білетіндер ғана мемлекеттік қызметке тағайындалатыны жазылған. Бұл жағдай солтүстіктегі көрші елге аса ұнай қоймапты.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 19 шілде күні Ресейдегі жағдай бойынша шынайы ақпарат жеткізуге, орыс тілін, мәдениетін, отандық білімді жылжытуға әрекет ету өзекті екенін айтып, қазір ТМД елдерінде күрделі процестер жүріп жатқанын атап өткен.

«Орталық Азияда белсенді түрде заңдарын өзгертіп жатыр. Қырғызстанда бірнеше ай бұрын заң қабылданды. Бұл ұсыныс түскен кезде, біз қырғыз әріптестерімізге ескерттік, бұл демократиялық емес деп. Онда мемлекеттік қызметкерлердің бәрі қырғыз тілін білуі керек және осы тілді жұмыс істеуі тиіс делінген. Мемлекеттік қызметкерлер категориясына мұғалімдер, дәрігерлер де кірді. Біз әрі қарай жұмыс істеуді жалғастырамыз. Біз бірнеше рет ескерттік. Қырғыз Конституциясында орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі», – деді Ресей СІМ басшысы.

Ол орыс тілін барлық жерде кемсіту жүріп жатқанын айтты. «Украинаны айтпағанда, Балтық елдері де осыны істеп отыр. Орыс тілі қазіргі әлемде қажет», – деп есептейді Сергей Лавров.

17 шілдеде қырғыз президенті Садыр Жапаров «Қырғызстандағы мемлекеттік тіл туралы» заңға қол қойды. Заң 18 шілдеден бастап күшіне енді.

Бұл заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер, барлық мемлекеттік мекемеге қарайтын қызметкерлер, оның ішінде депутаттар, Ұлттық банк қызметкерлері, сот, прокурорлар, адвокаттар, нотариус қызметкерлері қырғыз тілін білуі тиіс және осы тілде жұмыс істеуге міндетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: