Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Киевке зымыран және дрондармен жаппай шабуыл жасалды

24.05.2026, 11:29 40

24 мамырға қараған түні Украина астанасы Киевке зымырандар мен дрондар арқылы жаппай шабуыл жасалды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат бірден кейін естілген. Бұған дейін Украина әуе күштері Ресей гипердыбысты «Орешник» баллистикалық зымыранын қолдануы мүмкін екенін ескерткен.  

Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, шабуыл салдарынан кемінде үш адам жарақат алған. Қаланың бірнеше ауданында тұрғын үйлер зақымданып, орталық бөліктегі мектеп аумағында зымыран қалдықтары өртенген.

Украина әуе күштері шабуыл кезінде «Орешник» зымыраны қолданылған-қолданылмағаны туралы нақты жауап берген жоқ. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей мұндай соққыға дайындалып жатқанын мәлімдеген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: