Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Иранда хиджабты дұрыс кию қадағаланады

17.07.2023, 16:01 180

HALYQLINE.KZ

Иран билігі «әдеп полициясы» жұмысын қайта жандандыруды көздеп отыр. Мұндай шешім әйелдерге хиджабты дұрыс киюді міндеттейтін заң ережесінің орындалуын қадағалау мақсатында қабылданған.

Мәліметті 16 шілдеде иран полициясы таратты. Полиция өкілінің айтуынша, көше кезекшілері дұрыс киінбеу арқылы заң ережесін бұзғандарды қудалайды. Бұның алдында әлеуметтік желілерде қала көшелерінде бақылау жүргізетін полиция көліктері көбейгені туралы түрлі мәліметтер тараған.

Азаттықтың Иран қызметі – Фарда радиосының хабарлауынша, актер Мохаммад Садегиді «әдеп полициясының» бір әйелді ұстағаны туралы пікір айтқаны үшін ұсталған. Теһран билігіне қатысы бар газеттердің бірі Садеги азаматтарды құқық қорғау органды қызметкерлеріне қарсы қарумен шығуға үндегені үшін ұсталды деп жазған.

Сәуір айында Иран билігі қоғамдық орындарға бейнебақылау камераларын орната бастаған. Полиция мұндай шара «хиджаб кию туралы заңға қарсысылықты» доғару мақсатында қабылданғанын мәлімдеген. «Ақылды камералар» хиджаб кимеген немесе оны дұрыс кимеген әйелдерді анықтайды.

«Әдеп полициясының» көшелердегі жұмысы 2022 жылғы қыркүйекте 22 жастағы Махсы Әминидің өлімінен соң тоқтатылған. Жас қызды көшеде хиджабты дұрыс киемегі үшін ұстаған. Марқұмның туыстарының айтуынша, Махсыны полиция ұрып өлтірген.

Махсы Әминнің қазасына байланысты наралыққа шығушылар

Иранда полиция зорлығына қарсы шыққандарды күшпен басты. Наразылық акциялары кезінде кем дегенде 500 адам қаза болып, ондаған мың адам ұсталды. Наразы халық жемқорлық пен билік саясатын да сынаған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: