Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Франция құрғап барады, елдің 85%-ында суға шектеу енгізілді

12.08.2026, 9:20 67

Аптап ыстық пен жауын-шашынның азаюы Франциядағы қуаңшылықты күшейтті. Қазір елдің құрлықтағы департаменттерінің 85%-ында суды пайдалануға шектеу қойылған.

Шектеулер кемінде бір елді мекені құрғақшылықтан зардап шеккен 80 департаментті қамтиды. Оның 33-інде жағдай ең жоғары «дағдарыс» деңгейіне жеткен. Тағы 28 департаментте күшейтілген ескерту, 19 өңірде ескерту режимі жарияланды.

«Дағдарыс» деңгейі енгізілген аумақтарда су тек ауызсу, денсаулық сақтау және азаматтық қауіпсіздік секілді маңызды қажеттіліктерге беріледі. Көлік жууға, бассейн толтыруға, көгал суаруға және суды бірқатар өндірістік мақсатта пайдалануға тыйым салынған. Талапты бұзған тұрғындарға 1500 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін. 

Құрғақшылыққа көктемнен бері жалғасқан ыстық пен жауынның тапшылығы себеп болған. Маусымда жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейден шамамен 45%-ға аз түсті. Сол айда орташа температура 22,8 градусқа жетіп, Франция тарихындағы ең ыстық маусым ретінде тіркелді. 

Су деңгейінің төмендеуі өзендер мен жерасты су қорына да әсер етіп жатыр. Қуаңшылық орман өрті қаупін күшейтіп, ауыл шаруашылығына қосымша салмақ түсірген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: