Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Cенсация болған фото

30.03.2023, 15:00 253

HALYQLINE.KZ

2007 жылдың 30 қаңтарында Бүкілдүниежүзілік Банк басшысы, американдық Пол Вулфовиц жұмыс сапарымен Түркияның Эдирне қаласына барып, қасындағы түрік әріптестерімен бірге мешітке барғанда аяқкиімін шешіп кіретінін білмеген болуы керек. Туфлиін шешкенде екі шұлығы да жыртық болып шығып, үлкен екі башайы сорайып көрініп тұрғанын көзі қырағы фототілшілер мұндай мүмкіндікті қалт жіберіп алмай шырт еткізіп түсіріп алды. ВМБ төрағасы Пол Вулфовицтің осы фотосы Қазақстаннан басқа дүниежүзінің барлық елдерінің баспасөз беттерінің барлығына тарап, бірталайға дейін азық болды. Қызық үшін шұлыққа жарымай жүрген Пол Вулфовицтің жалақысы қанша екен деп, интернеттен қарап едім, жылдық жалақысы 500 000 доллар екен!

Бақытжан  Абдуллаұлы,

тарихшы

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: