Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бүгін Беларусьте жалпыұлттық ереуіл басталады

26.10.2020, 9:30 300

HALYQLINE.KZ

Беларусьтегі президент сайлауына қатысқан оппозиция жетекшісі Светлана Тихановская 26 қазанда елде жалпыұлттық ереуіл басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы dalanews.kz ақпарат таратты.

«Бүгін режим қолынан күш қолдану ғана келетінін тағы бір рет дәлелдеді. Алайда көпке және перзентхана терезесінің түбіне құлақ тұндыратын граната лақтыру – бұл күш емес. Режим шындықты айтып, өз сөзіне жауап беруге және адамдардың талаптарын орындауға дайын емес. Демек, бұл режим белорус халқына лайық емес» деп жазды.

Жексенбі күні Минскі мен Беларусьтің өзге қалаларында марш өтіп, онда халықтық ультиматум мерзімінің аяқталғаны айтылды. Осыған дейін Тихановская Александр Лукашенкоға ультиматум қойып, 26 қазанға дейін биліктен бас тартып, саяси тұтқындарды босатуды талап еткен.

Билік талаптарды орындамаса, елде жалпыұлттық ереуіл басталып, жолдар жабылады, мемлекеттік кәсіпорын өнімдеріне бойкот жарияланатыны айтылған еді. Тихановскаяның соңғы жазбасында жол жабу жайлы айтылмайды.

25 қазанда бірқатар қалаларда арнайы жасақ пен милиция наразылық акциясына қатысқандарға шара өткізуіне кедергі жасауға тырысты, ондаған адам ұсталды. Минскіде күштік құрылымдар демонстранттарға құлақ тұндыратын граната лақтырып, резеңке оқ қолданған. Зардап шеккендер бар.

Беларусьте наразылық акциялары 9 тамыздан бері жалғасып келеді. Орталық сайлау комиссиясы ол кезде президент сайлауында Александр Лукашенко жеңді деп мәлімдеген еді. Қарсыластары сайлау нәтижесі бұрмаланды деп есептейді. Еуроодақ сайлау қорытындысын мойындамады. Наразылық акциялары кезінде мыңдаған адам жарақаттанды, қаза болғандар да бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: