Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ален Делонның үйінен тіркелмеген қару қоймасы табылды

29.02.2024, 22:00 448

HALYQLINE.KZ

Француз полициясы танымал актер Ален Делонның үйінен 72 дана тіркеуде жоқ қару тапты. Олардың біреуінің де құжаты жоқ болып шықты. Бұған қоса, Ален Делон қару ұстауға рұқсат алмаған.

Актердың Париж сыртындағы үйінде үш мыңнан астам оқ табылды. Ален Делон үйінде жолбарыс ұстаған.

Сот белгілеген шенеунік Делонның үйіне барған уақытта бір тапаншаны байқап қалған. Содан кейін ғана актердың үйі тінтілген. Табылған қарулардың бәрі тәркіленді.

Ален Делон – 88 жаста. Ол – XX ғасырдағы француз киносының ең танымал актерлерінің бірі. 2019 жылы Делон инсульт алып, содан кейін ауруынан толық айықпады. Ол соңғы мәрте көпшілік алдына 2021 жылы шықты. Сол күні Ален Делон досы Жан-Поль Бельмондоны жерлеу рәсіміне қатысқан.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: