Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемнің ең бай топ-10 адамы

25.05.2021, 17:00 578


 HALYQLINE.KZ Жарты әлемді ауызына қаратқан. Нағыз «шіріген бай» деген болжамға келетін адамдар жыл санап өсіп келеді. Олардың ішінде ең ауқаттыларын жиып, топ-10 құрастырдық.

Оныншы орынға 76 жастағы Ларри Элиссон жайғасты. Ол 1977 жылы бағдарламалық жасақтама өндірушісі ORACLE порталын ойлап тапқан. Компаниясының алғашқы клиенті ЦРУ болды, кейінірек компанияның өнімі коммерциялық секторлар тарапынан сұранысқа ие болды. 2018 жылы Илон Маскпен қосылып «Tesla» автокөлігімен әлемді таң ғалдырды. Қазіргі таңда Ларри Эллисонның шотында 79 миллиард америкалық доллары бар. 1 жыл ішінде Ларри 19 миллиард доллар көлемінде табыс көрген.

Тоғызыншы орынға 47 жастағы Сергей Брин орнықты. Ақпараттың қайнар көзіне айналған google компаниясының мұрагері, Alphabet компаниясын дүниеге әкелуші болып есептеледі. Қазіргі таңда компания жұмыстарын ысырып, X Development лабороториясында жұмыс атқарады. Ол лабороторияның басты мақсаты әлемді түбегейлі жақсартатын серпінді технологияларды ойлап табу және енгізу. Қазіргі таңда оның шотында 79 миллиард АҚШ доллары бар, сонымен қатар 1 жыл ішінде 14 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайда көрген.

Сегізінші орынды 47 жастағы Ларри Пейдж алады. Ол 1998 жылы Сергей Бринмен бірге google, Alphabet компанияларының кеменгері болып саналады. Сонымен қатар Planetary Resources компаниясының жарық көруіне себепшілердің бірі болып танылады. Ол компания жердің табиғи ресурстарының базасын кеңейту мүмкіндіктерін зерттеумен айналысады. Пейдж онымен қоймай Kitty Hawk және Opener ұшатын автомобильдерін дамыту бойынша стартаптарды қаржыландырады. Оның шотында 82 миллиард АҚШ доллары бар деп есептеледі. Оның үстіне 1 жылда 15 миллиард доллар көлемінде пайда көрді.

Жетінші орынға 90 жастағы Уоррен Баффет жайғасты. Уоррен Баффет-әлемдегі ең сәтті және құрметті инвесторлардың бірі. Ол құрған «Омаха Oracle» компаниясының 60-тан астам компанияда үлесі бар Berkshire Hathaway инвестициялық үйін басқарады, оның ішінде Geico сақтандырушысы, Duracell батарея өндірушісі және Dairy Queen мейрамханалар желісі бар. Соңғы жылдары Баффет Билл Гейтспен бірге қайырымдылықпен белсенді айналысады. Тек 2019 жылы инвестор меценат ретінде 3,6 миллиард доллар бөлді. Бүгінгі күнде Баффет счетоында 87 миллиард доллар бар. Бірақ, 1 жылда 2 миллиард доллар шығынға ұшыраған.

Алтыншы орыннан 65 жастағы Джонг Шаншан табылды. Bloomberg Billionaire Index миллиардерлер рейтингінің жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, Джонг Шаншан Қытайдағы ең бай адам болды. «Одиноки волк» лақап атымен Джонг Шаншан бөтелкедегі ауызсуды сатудан миллиардтаған пайда тапты. Сондай-ақ, Джонгтың капиталының көп бөлігін вакциналар шығаратын фармацевтикалық компания алады. Бүгінде Джонгтың счетында 93 миллиард доллар бар деп саналады.

Бесінші орында аты жер жарған 36 жастағы Марк Цукерберг еншіледі. 2004 жылы Гарвардта оқып жүріп, Facebook әлеуметтік желісін жарыққа шығарған. Ол кезде Марктың жасы небәрі 19-да  болатын. 2010 жылдан бастап Марк Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды адамдардың тізіміне енді. 2018 жылы ол осы рейтингте 13 орынға ие болды, бірақ ол бұрын 10 орында көрінген еді. Қазір Марктың шотында 100 миллиард доллар көлемінде ақша бар. Ал 1 жылда Марктың шотына 19 миллиард доллар түсіпті.

Төртінші орында 71 жастағы Бернар Арно жайғасты. 1980 жылдардың ортасында Christian Dior сән үйін сатып алу үшін отбасылық құрылыс бизнесінен 15 миллион доллар алған Бернар Арно бүгінде Louis Vuitton және Sephor сияқты 75 сәнді брендтердің жаһандық бизнес империясын басқарады. Арно сурет галереяларының демеушісі болып табылады, Бейнелеу өнері академиясында оқитын мүгедектерді қолдайды, оның компаниясы бизнес пен өнер саласындағы жаңа таланттарды іздеуге үлкен қаражаттар жұмсап келеді. Арно шотында 114 миллиард доллар, оның үстіне 1 жылда 8 миллиард доллар пайда көрген.

 Үздік үштікті жарты әлемге аты шыққан Билл Гейтс түйіндеді. Әйелі Мелинда Билл Гейтспен бірге әлемдегі ең ірі қайырымдылық қорын басқарады. Ұйымның жұмысы жаһандық денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған және коронавирус пандемиясы аясында ерекше өзектілікке ие болды. Бизнесмен жалпыға бірдей вакцинациялаудың маңыздылығы туралы идеяны көптен бері насихаттап келеді және бүгінгі күні covid-19 вакцинациясын әзірлеуге ресурстармен белсенді көмектеседі. Билл Гейтстың шотында 132 миллиард АҚШ дололары бар және 1 жылда 41 миллиард табыс тапқан.

Күміс жүлдені 56 жастағы Джефф Безос иеленді. Джефф Безос 1994 жылы Сиэттлдегі гаражында Amazon интернет-дүкенін құрды. Ширек ғасыр ішінде жоба әлемдегі ең ірі онлайн-ретейлерге өсті. Ол сонымен қатар The Washington Post газеті мен Blue Origin жеке аэроғарыштық компаниясына ие. 2019 жылы ажырасудың салдарынан Джефф Безостың байлығы 38 миллиард долларға төмендеді, бұл оның 2021 жылы өткен жылмен салыстырғанда капиталын 67 миллиард долларға арттыруға кедергі болмады. Қазірде Джеффтың шотында 184 миллиард доллар бар деп есептеледі. 1 жылда 67 миллиард доллар пайда көрген.

Ондығымыздың алтын қорын 49 жастағы Илон Маск еншіледі. Илон Amazon басшысы Джефф Безосты озып, әлемдегі ең бай бизнесмен атанды, бұның себебі: Tesla акциялары бұрын-соңды болмаған қарқынмен өсуі болды. 2021 жылдың қаңтарында Маск Марста автономды қала салу ниетінің маңыздылығын көрсету үшін компанияның бар мүлікін сатуға ниет білдірді. Қазірде Илонның шотында 188 миллиард доллар және 1 жылда 159 миллиард доллар табысы бар. 

Дамир СЕЙЛХАНОВ,

Қорқыт ата атындағы ҚУ-дың 1-курс студенті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: