Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемдегі ең қауіпсіз елдер тізімі жарияланды

31.01.2023, 15:30 493

HALYQLINE.KZ Numbeo жаһандық краудсорсинг мәліметтер базасы 2022 жылға әлемде ең қауіпсіз елдер, оның ішінде туристер үшін де жайлы мемлекеттер рейтинін ұсынды.

Қауіпсіздік индексі рейтингіне жалпы 142 мемлекет енген, оны бес жыл бойы қатарынан бір ел бастап келеді, бұл – Катар. Сонымен қатар, рейтингке қауіпсіз қалалар енген, оның үздік ондығына туристердің сүйікті мекеніне айналған БАӘ елінің бірнеше қаласы енген.

Негізінде қылмыс деңгейі мен қауіпсіздік мәселесі көтерілген бұл рейтинг – ең қауіпті елдер тізімі бірінші басталған. Ал қауіпсіз елдер соңына қойылған. Қазақстан бұл тізімде 53,4 ұпаймен 45-орында, яғни қауіпті елдер тізіміне жатады. Айта кетейік, 2021 жылы біздің ел бұл рейтингте 54 ұпаймен мүлде 39-орында болған. 2020 жылы рейтинг құрастырушылар Қазақстанды 62 ұпаймен ең қауіпті 20 елдің қатарына, ал 2019-да антирейтингтің ондығына кіргізген.

Ең қауіпсіз елдер тізімі мынадай:

Катар
БАӘ,
Тайвань (Китай),
Мэн аралы,
Оман,
Гонконг (Қытай),
Армения,
Жапония,
Швейцария,
Бахрейн.

numbeo.com сайтынан скриншот

Туристер үшін қауіпсіз қалалар рейтингінде БАӘ астанасы көш бастады, бұл елдің бірнеше қаласы үздік ондыққа енген.

Абу-Даби (БАӘ),
Доха (Катар),
Тайбэй (Тайвань, Қытай),
Аджман (БАӘ),
Шарджа (БАӘ),
Квебек (Канада),
Дубай (БАӘ),
Сан-Себастьян (Испания),
Берн (Швейцария),
Эскишехир (Түркия).

kaz.tengritravel.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: