Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлем бойынша 400 журналист түрмеде отыр

15.12.2020, 9:10 333

Әлем бойынша 400-ге тарта БАҚ өкілі кәсіби қызметі үшін түрмеде жазасын өтеп жатыр. Осылай деп «Шекарасыз тілшілер» журналистер құқығын қорғайтын ұйым мәлімдеді.

Олардың дені – Қытай, Сауд Арабия, Египет, Вьетнам және Сирияда.

2020 жылы 50-ден астам журналист із-түссіз жоғалып кеткен немесе Сирия, Ирак пен Йеменде кепілдікте отыр.

Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл түрмеге түскен әйел журналистер саны 35 процентке өскен.

«Шекарасыз тілшілер» 1995 жылдан бері журналистерге көрсетілетін қысым мен қуғындау туралы мәліметті жыл сайын жариялап келеді.

Дереккөз: centralasian.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: