Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

24 карат алтынмен безендірілген қонақүй ашылды

05.06.2020, 16:30 781

HALYQLINE.KZ

Вьетнамда 24 карат алтынмен өрнектелген алғашқы бес жұлдызды қонақ үй ашылды, деп жазады Lenta.ru

Ханойдың орталығында орналасқан 25 қабатты Dolce Hanoi Golden Lake қонақүйі ғимаратының бес мың шаршы метрге жуық қасбеті алтын жалатылған материалдармен жабылған. Қонақүйдің құрылысына он жыл уақыт жұмсалыпты.

Ғимараттағы 342 бөлме империялық стильде безендірілген – жиһаздар мен әшекейлерге алтын жалатылған. Мейрамхана, бар және панорамалық бассейн өңделген алтынмен безендірілген. Қонақүй бөлмесінің бағасы тәулігіне 250 доллардан басталады.

Айта кетейік, Dolce Hanoi Golden Lake алтынмен өрнектелген әлемдегі жалғыз қонақүй емес. Әлемге әйгілі Дубайдағы Burj Al-Arab қонақүйінің лифтісі мен лоббиі 22 карат алтынмен безендірілген. Лас-Вегастағы Trump International Hotel өзінің алтын терезелерімен танымал. Сондай-ақ Абу-Дабидегі Emirates Palace қонақүйінің төбесі мен қабырғалары алтын жалатылған.

Сурет аталған қонақүйдің фейсбуктегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: