Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

21 марафоншы қаза тапты

24.05.2021, 9:05 354

Қытайдың солтүстік-батысында қатты жел мен нөсер жауын салдарынан ультрамарафонның 21 қатысушысы қаза тапты. Бұл туралы Қытай басылымдарына сілтеме жасаған халықаралық агенттіктер хабарлады.

Марафон Ганьсу провинциясының Байинь қалалық округына тиесілі Цзинтай уездінде өткен. 100 метрге таулы аймақ арқылы жүгіру марафонына 172 адам тіркелген. Марафон басталмас бұрын ауа райы ашық болғанымен, кейін күн күрт суытып, қатты жел тұрып, жауын жауған.

Жеңіл киінген марафоншылар тоңып, көбінің дене температурасы түсіп кеткен. Ұйымдастырушылар марафонды тоқтатып, мыңнан аса құтқарушы жарысқа қатысушыларды іздеуге аттанған. Бірнеше сағаттан соң 172 қатысушы табылған. Олардың ішінде 21 адам қаза тауып, сегізі жаралған.

Жергілікті билік оқиғаны тергеу үшін арнайы топ құрғанын мәлімдеді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: