Бұл туралы аймақ прокуроры өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында хабарлады.
Прокуратура тарапынан заңсыз процестік шешімдерге жол бермеу, уақытша ұстау орындарындағы бақылауды күшейту және тергеу әрекеттерінің заң талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз ету бағытында бірқатар шара қабылданған. Сонымен бірге қоғам белсендісі ретінде танылған екі блогерге қатысты қылмыстық істердің сотта қаралып, үкім шыққаны айтылды.
– Азаптаулар адамның конституциялық құқықтарының елеулі бұзылуына әкеп соқтыратын әрекет ретінде танылады. Сондықтан олардың алдын алу және болдырмау құқық қорғау органдарының басты міндеті саналады. Қылмыстық қудалау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарына тікелей әсер ететін 152 шешімі келісу және бекітуден өткізілмеді. Уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылған 55 азамат прокурордың қаулысымен босатылды. Тергеу әрекеттерінің толықтығын қамтамасыз ету үшін 1524 нұсқау берілді, 404 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қоғам белсендісі деп танылған екі блогердің қылмыстық әрекеттері әшкереленіп, оларға қатысты айыптау үкімі шығарылып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, — деді Ризабек Кәрімұлы.
Аймақ прокуроры алдағы уақытта да мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, азаматтардың құқықтарын қорғау және заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастыра беретінін атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!