Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«ЖИ жылында интеллектуалды мемлекетке көшеміз» – министрлік

26.01.2026, 10:15 61

Биылғы жыл елімізде «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» ретінде белгіленді. осыған сай, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі атаулы жылы қандай бағыттарға басымдық берілетінін айтып, жоспарларымен бөлісті.

Министрлік мәліметінше, аталған бастама мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, экономиканы технологиялық тұрғыдан күшейтуге және халықтың цифрлық мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Осыған орай 2026 жылға арналған негізгі бағыттар айқындалған. Атап айтқанда, интеллектуалды мемлекетке көшу аясында басқару жүйесіндегі көптеген үдерістерді автоматтандыру көзделіп отыр. Бұл мемлекеттік қызметтердің жылдамдығын арттырып, шешім қабылдау тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге жасанды интеллектіні мемлекеттік басқаруда стандартты құрал ретінде қолдану мәселесіне ерекше мән берілмек. Бұл бағытта деректерді талдау, қызмет көрсету сапасын арттыру және басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіледі. Министрлік мәліметінше, ұлттық инфрақұрылым мен есептеу қуатын күшейту де басым міндеттердің бірі. Яғни жасанды интеллектіні дамыту үшін қажетті техникалық база қалыптастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ жасанды интеллект нарығы мен стартаптарды дамыту бағыты қолға алынбақ. Бұл жаңа технологиялық шешімдерді қолдап, инновациялық жобалардың көбеюіне ықпал етеді.

Бұдан бөлек, қауіпсіздік пен құқықтық реттеу мәселесі назардан тыс қалмайды. Министрлік деректерді қорғау, алгоритмдердің ашықтығы және цифрлық қауіпсіздік талаптарын күшейту арқылы қоғам сенімін арттыруды мақсат етіп отыр. Тағы бір маңызды бағыт – кадр даярлау. Бұл бағытта халық пен мемлекеттік қызметкерлерге арналған оқыту, цифрлық сауаттылықты арттыру және жаңа дағдыларды қалыптастыру шаралары жүзеге асырылады.

Айта кетейік, бұл бастама елімізде цифрлық трансформацияны жаңа деңгейге шығарып, жасанды интеллектіні экономиканың және мемлекеттік басқарудың негізгі драйверіне айналдыруға негіз болады.

Коллаж: aikyn.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: