Өткен бейсенбі күні Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Мырзабай ахун, Т.Жүргенов және Жаңаталап ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге аудан прокуроры Талғат Бектұрсынов та қатысты.
Бұл туралы Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды
Жиында ауыл тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Алкогольсіз ауыл» жобасының маңызы түсіндірілді. Аталған жоба құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тиімді әрі оң бастама екені айтылды.
Кездесуде ауыл азаматтары бұл бастаманың қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және өскелең ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз етуге зор ықпал ететініне сенім білдірді.
Еске сала кетейік, «Алкогольсіз ауыл» жобасы бұған дейін Еңбек және Таң, Аламесек ауылдарында сәтті жүзеге асырылған болатын.
Бұл шешім ауыл тұрғындарының қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған ортақ ұстанымын айғақтайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!