Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаев пен Трамп Давоста не туралы сөйлесті?

22.01.2026, 17:45 65

Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімі кезінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамп арасында болған қысқаша әңгіме журналистердің назарын аудартты.

Осыған байланысты бірқатар БАҚ өкілдері Мемлекет басшысына кездесудің мазмұнына қатысты сұрақ қойды.

Президенттің айтуынша, Давос форумында таратылған «Президент Дональд Трамптың 365 күн ішіндегі 365 жеңісі» атты ресми құжатта Қазақстанға қатысты маңызды дерек көрсетілген. Атап айтқанда, құжаттың 177-тармағында еліміздің Ибраһим келісімдеріне қосылғаны АҚШ үшін сыртқы саясаттағы жетістік ретінде бағаланған.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Америка көшбасшысына ақыл-парасатқа негізделген ішкі саясат жүргізуде табыс тіледі.

Өз кезегінде Дональд Трамп Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, Бейбітшілік кеңесін құру жөніндегі бастамасына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Айта кеткен жөн, Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың арнайы шақыруымен Швейцарияға барған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: