Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Жарлыққа сәйкес, Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Сонымен қатар Комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілді.
Құжатта көрсетілгендей, Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктеледі. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, Конституциялық комиссия елдегі саяси-құқықтық реформаларды жүйелеу, Ата заңға енгізілетін ықтимал өзгерістерді сараптау және ұсыныстар әзірлеу бағытында жұмыс жүргізеді.
Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамы мына сілтемеде.
Сурет: Ақорда
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!