Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«IMAM AI» жасанды интеллектке негізделген мобильді қосымша іске қосылады

15.01.2026, 12:10 40

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін саласына цифрлық технологияларды енгізу бағытында жаңа жобаны қолға алмақ. Жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін «IMAM AI» атты мобильді қосымшаны іске қосу жоспарланып отыр.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, бұл бастама заман талабына сай діни қызметті жаңғыртуға бағытталған. Қосымша арқылы халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беру, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайту көзделіп отыр.

Жоба аясында жасанды интеллект көмегімен діни мәселелер бойынша ақпарат беретін, сенімді дереккөздерге сүйенген жүйе қалыптастырылмақ. Бұл өз кезегінде азаматтардың дінге қатысты сауалдарына кез келген уақытта жауап алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «IMAM AI» қосымшасы діни ақпаратты қолжетімді етумен қатар, цифрлық ортада дәстүрлі ислам құндылықтарын дұрыс түсіндіруге бағытталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: