HALYQLINE.KZ 23 маусым күні 10:14 минутта Қызылорда қаласы Эдельвейс саяжайының маңы Шіркейлі каналының оң жақ жағалауында қураған шөп жанып жатқаны туралы 101 Өртке қарсы қызметіне хабар түсті. Аталған шақырту бойынша өрт сөндіру қызметінің 2 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша жолданды. Алғашқы болып жеткен өрт сөндіру бөлімі барлау жұмыстарын жүргізіп, айтылған мекенжайда шеңгелдер мен қамыстар және қатты жел салдарынан тілсіз жау 9 га аумаққа таралып жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндіру қызметі және орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өрт сөндірушілерінің біріккен іс қимылдарының нәтижесінде 30 минут ішінде тілсіз жау оқшауланып, 50 минутта толық жойылды. Жаттығуға барлығы 71 қызметкер және 12 бірлік техника 2 су сору мотопомпасы жұмылдырылды.
Алайда бұл арнайы тактикалық ойға құрылған Өртке қарсы қызметі мен орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің жыл сайын өткізетін оқу жаттығуы еді.
Айта кету керек, құрғақ шөп пен қоқыстарды өртеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын ескермеу салдарынан тұрғын үйлер мен құрылыс материалдарына зақым келіп, тіпті адам шығынына алып келуі әбден мүмкін. Әсіресе, көктем мезгілінде орман дала өрттері өрши түседі.
Мәселен, жыл басынан бері 38 орман дала өрті, 56 жану жағдайы тіркеліп, салдарынан 235 гектар зақымдалған. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бірнеше есеге өсіп отырғанын білдіреді.
Өрт тактикалық жаттығудың қорытындысы бойынша Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов оң бағасын берді.
Қызылорда облысы ТЖД
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!