Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Микро және шағын бизнесті қолдау мәселесі қаралды

23.12.2025, 15:00 49

HALYQLINE.KZ

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде микро және шағын бизнесті қолдау шаралары туралы мәселе қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты.

Үкімет отырысынан кейінгі мәжілісте аймақ басшысы шағын бизнесті қолдаудың оңтайлы әрі тиімді тетіктері арқылы кәсіп иелерін сүйемелдеудің маңызын атап өтті.

«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында қаржылдандыру үшін экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесін айқындап, тиісті ұсыныс енгізу керек. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері бірлесіп, «Ауыл аманаты» жобаларын осы бағдарлама арқылы қаржыландыруды кеңейтіңіздер.

Алдағы жылға «Ауыл аманаты» жобасына 5,6 млрд теңге бөлінген. Жаңа жобаларды қараған кезде ең алдымен, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға және өнім өңдеуге басымдық берілуі тиіс», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Бүгінде облыста шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 20 пайыздан асты. Экономикалық белсенді тұрғындардың үштен бірі осы салада еңбек етеді.

Биыл шағын және орта бизнестің 2 464 жобасына барлық қаржы көзінен 40 млрд теңге қолдау көрсетілді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өндірістік нысандар іске қосылып, тамақ өнеркәсібіне бағытталған шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылды.

Алдағы үш жылда 2 трлн 800 млрд теңге қаржы салынған 98 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: