Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Алты қалада сауда үйлері жабылады

19.06.2020, 16:00 614

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі қосымша шараларды жариялады. Соған сәйкес, 20-21 маусым, яғни демалыс күндері карантин талаптарын күшейту туралы шешім қабылданды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалалары бойынша:

  • Сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, базарлардың қызметін тоқтату;
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің тек жазғы алаңы барларының ғана әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып жұмыс істеуіне рұқсат ету;
  • Қоғамдық көлік жұмысын шектеу;
  • Қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, жағажайлардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтату;
  • Фитнес орталықтарының қызметін тоқтату;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.

50 мыңнан астам халқы бар елді мекендерде:

  • Қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуін тоқтата тұру;
  • 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу.

Сонымен қатар өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруді жабылады. Көрсетілген аймақтардағы тұрғындарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау міндет.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзімде төмендегі мәселелелерді шешуді тапсырды:

  • Медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халық арасында ПТР-тестілеуді қамтуды кеңейту;
  • Ауруханалардағы жұқпалы және провизорлық орындардың санын арттыру;
  • Меншік нысанына қарамастан өңірде қолда бар ресурстарды тарта отырып, науқастарға КТ-зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету;
  • Жедел медициналық жәрдем станцияларымен шұғыл шақыруларға уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  • Үйлерінде ем алып жатқан науқастарға амбулаториялық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылауды (қашықтан, ұтқыр бригадалар) жүзеге асыру;
  • Халықпен белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: