Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Есірткі адам өмірін жалмап, тағдырын күл-талқан етеді!»

13.11.2025, 21:00 202

Құрметті жас дос!

Біз – ат үстінде күнелткен, табанынан сыз өткен батыр бабаларымыздың ұрпағымыз. Біз – жаңа Қазақстанның жаңа буынымыз. Заман қандай болса да, адам атты жаратылыс иесі өзін сондай таза ұстауы шарт. Әлбетте, адамзатты адастыру үшін түрлі айла-шарғы, амал-әрекет, қитұрқы іс істеліп жатыр. Десе де, оған мойын бұрмау және қаперге алмау керек. Ең бастысы, бірінші байлық атанған денсаулығымызды күту, оны жақсарту – адамдықтың белгісі.

Иә, есірткі елітеді, есті жоғалтады. Адамды негізгі қалыбынан айырады. Ол – кәдуілгі аждаһа, кәдімгі тажалға бастар жол. Сол себепті, мен бүгінгі үндеуімде замандастарымды осындай жаман іс-әрекеттерден аулақ жүруге шақырамын!

Жалпы алғанда, «адамзаттың бәрін бауырым деп сүйетін» қоғам мүшелері бір-бірін тек ғана ізгілікке тартуы керек, барлық іс-қимыл мен сөз жақсылыққа бастауы тиіс.

Заң мен тәртіп қашанда бірге жүреді. Жас достар мұны жақсы біледі деген ойдамын. Сондықтан, Таза Қазақстанды бірге құруымыз қажет!

Айым КЕҢЕСБЕК,

№141 Қ.Сәбиров атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: