2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы мен бірқатар әлеуметтік төлем мөлшері ұлғайтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазір Сенаттың қарауында «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң бар.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылға арналған кірістер көлемі – 22,8 трлн теңге, ал шығыстар 26,2 трлн теңге деңгейінде бекітілген.
Заң бойынша 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік төлемдерге келесі көрсеткіштер белгіленеді:
— ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
— мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
— ең төменгі зейнетақы мөлшері – 69 049 теңге;
— айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
— ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.
Жас бойынша және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақылардың көлемін 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 пайызға арттыру көзделеді, делінген құжатта.
2024 жылғы 1 қазанындағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2,51 миллион зейнеткер бар. Орташа жиынтық зейнетақы көлемі 142 810 теңгені құрайды, оның ішінде ынтымақты зейнетақысы – 95 249 теңге, базалық зейнетақы – 47 561 теңге.
Фото: ашық дереккөзден
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!