Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Жақсы көретінімді ұмытпа…»

30.10.2025, 14:00 86

HALYQLINE.KZ

Жапонияда жер сілкінісінен кейін құтқарушылар жас келіншектің мәйітін тауып алады. Әйелдің қалпы өте ерекше еді. Ол тізерлеп, намаз оқып отырған адам секілді иілген, ал қолдарымен бір нәрсені құшақтап тұрған. Үйдің құлауы оның арқасы мен басына ауыр зақым келтірген.

Құтқарушылар тобының жетекшісі зор қиындықпен қабырғадағы тар саңылау арқылы әйелге қолын созды. Ол тірі шығар деп үміттенді. Бірақ әйелдің суық денесі оның қаза тапқанын көрсетті. Команда келесі үйді тексеруге кетпек болғанда топ басшысының ішкі түйсігі оны сол үйге қайта келтірді. Тағы да тізерлеп, тар саңылауға үңілді. Кенет ол толқып, айғайлап: «Бала! Мұнда бала бар!» деді.

Құтқарушылар әйелдің денесін абайлап көтеріп, астындағы 3 айлық ұл баланы көрді. Ол түрлі түсті көрпеге оралған күйі жатты. Әйелдің өз өмірін баласын құтқару үшін құрбан еткені анық еді. Үй құлаған сәтте ол баласын денесімен жауып қалған. Команда басшысы нәрестені қолына алған сәтте сәби әлі де тыныш ұйықтап жатқан еді.

Дәрігер дереу келіп баланы тексерді. Көрпені ашқанда ол ұялы телефонды көрді. Экранда қысқа хабарлама жазылған екен: «Егер сен аман қалсаң, мен сені жақсы көретінімді ұмытпа».

Бұл хабарлама халық арасында лезде тарап кетті. Әр адам бұл сөздерді оқығанда көзіне жас алды…

Ағабек  ҚОНАРБАЙҰЛЫ.

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: