Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қарашадан бастап емханаға тіркелу аяқталады

30.10.2025, 1:00 100

1 қарашада Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны аяқталады. Бұл туралы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы хабарлады.

1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында әр азамат өз елдімекені шегінде емхананы таңдауға немесе ауыстыруға мүмкіндігі бар. Өтінішті келесі жолдармен беруге болады:

eGov.kz порталы арқылы (онлайн, 1 жұмыс күні ішінде қаралады);
таңдалған емханада жеке өтініш беру арқылы.
Маңызды: бұрынғы емханадан шығу автоматты түрде жүзеге асырылады. Егер емхананы ауыстыруды жоспарламасаңыз, қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Жаңа емхана медициналық көмекті 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетеді (Қормен келісімшарт болған жағдайда).

Ұсыныстар:

Барлық отбасы мүшелерін бір дәрігерге тіркеу сапалы бақылауды қамтамасыз етеді.
Үйде медициналық көмек көрсетілу үшін емхананы тұрғылықты жерге жақын (жаяу 15–20 минут) таңдаған жөн.
Бекітуден бас тарту себептері:

өтініштегі дұрыс емес деректер;
басқа елдімекенде тұру;
емханада тіркелгендер санының шектен асуы;
баланы тіркеуге қажетті құжаттардың болмауы.
Емхананы науқаннан тыс та ауыстыруға болады: жылына бір рет еркін таңдау құқығымен, сондай-ақ тұрғылықты жерін, жұмысын, оқуын өзгерткенде немесе бұрынғы емхана жабылған жағдайда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: