Арал ауданы әкімінің орынбасары Шерхан Есжанов аудандық прокоратура қызметкерлерімен бірге Тоқабай, Ерімбетжаға және Абай ауылдарына жұмыс сапарымен барып, ауылдарға жүргізіліп жатқан ауыз су желісінің құрылыс жұмыстармен танысты.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 4 жоба бойынша жалпы 318 шақырым ауыз су желілері жүргізілуде. Қазіргі таңда Ақбасты елді мекені толықтай орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылса, Тоқабай, Абай елді мекеніне ауыз су жеткізуді мерзімінде аяқтауға күш салынуда. Сонымен қатар Ерімбетжаға, Тастүбек елді мекендеріне ауыз су желісі тартылуда.
Жыл соңына дейін осы жобалар аяқталып, аталған ауылдар таза ауыз суға қол жеткізеді деп күтілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!