Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кітапхана саласының қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

22.10.2025, 16:05 132

HALYQLINE.KZ

Кітапханашылар ел мәдениетінің, білім мен парасаттың қашанда алдыңғы қатарында. Бұл күн – сол еңбектің бағаланатын, құрмет көрсетілетін ерекше сәті. Осы ұстаным аясында 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен «Руханият» орталығында сала мамандарына арналған салтанатты қабылдау ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан әкімі өз сөзінде: «Кітапхана – руханияттың темірқазығы. Қоғамның дамуы мен рухани өрлеудің берік тірегі саналатын кітапхананың орны қашанда ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда: «Кітапхананы дамыту – ұлтты дамыту» деп атап өткендей, бұл сала – мәдениет пен ағартушылықтың іргетасы», — деп кітапхана ісінің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталды.

Салтанатты іс-шара аясында аймақ басшысының қолдауымен 2024 жылы бой көтерген «Руханият» орталығының ашылуы ерекше атап өтілді. Аудандық кітапхананың жаңа ғимаратқа көшуі – кітапханашылар қауымына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Мерекелік жиын барысында кітапхана саласының ардагері Зина Шаханова «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, сонымен қатар саладағы үздік қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты мен естелік сыйлықтары табысталды.

Сондай-ақ, марапат иелеріне аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков және Зина Шаханова құттықтау сөздерін жеткізіп, кітапхананың жас ұрпаққа тәлім мен тәрбие берудегі ерекше рөліне тоқталды.

Бүгінде Қармақшы ауданында 18 кітапхана жұмыс істеп тұр. Бұл рухани ошақтар 437 мыңнан астам кітап қорымен 19 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсетіп келеді.

Осындай іс-шаралар – рухани құндылықты насихаттаудың, сала қызметкерлерінің еңбегін бағалаудың нақты көрінісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: