Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аралдық еңбеккерлер марапат төрінен көрінді

18.10.2025, 1:50 92

Сыр шаруаларының еселі еңбегі «Алтын күз – 2025» шарасында ескеріліп, ел мерейін тасытар молшылық маусымында Арал ауданының озаттары да түрлі марапат төрінен көрінді.

Атап айтар болсақ, «Қасқырбай» шаруа қожалығының жылқышысы Ә.Елеусізов «Озат жылқышы», «Олжас» шаруа қожалығының төрағасы Б.Ахметов «Озат түйекеш» және «Құланды» ЖШС директоры Н.Тлеуов «Асыл тұқымды мал өсіретін үздік репродуктор-шаруашылық» номинациялары бойынша марапат төрінен көрінді.

Сонымен қатар, «Әулие төбе» шаруа қожалығының төрағасы А.Есімов ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін иеленсе, «Құланды» ЖШС-нің механигі Ж.Мыңбаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісін алды. Ал «Әбдеш» шаруа қожалығының жұмысшысы Ж.Айтжановқа Қызылорда облысы әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Айта кетейік, облыс орталығында өткен салтанатты шарада ауыл шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткен озат аудандар анықталып, «Балық шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Арал ауданы марапат төрінен көрінді.

Бұл жылдың төрт мезгілінде табан аудармастан еңбек етіп, адалдықтың айнымас үлгісіне айналған жандарға берілген лайықты баға.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: