Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Аудан әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

14.10.2025, 16:45 147

Аудан әкімінің 2025 жылғы 14 қазанындағы өкімімен Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Сәтбаев Ермек Сәтбайұлы тағайындалды.

Ермек Сәтбайұлы 1985 жылы 28 тамызда Қармақшы ауданында дүниеге келген.

Алғаш еңбек жолын 2007 жылы «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің маманы болып бастаған.

Одан кейінгі жылдары «Қайнар» спорт клубы қоғамдық бірлестігінің әдіскер – нұсқаушысы, Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтанушысы, Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің инспекторы, Қармақшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қармақшы ауданы әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің бас маманы болып қызметін атқарған.

2020 жылдың 12 ақпанынан бастап бүгінгі күнге дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы лауазымын абыроймен атқарып келді.

Құрметті Ермек Сатпаев Сәтбайұлы!
Сізді аудан әкімінің аппарат басшысы лауазымына тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа қызметіңізде жауапкершілік пен сенім үдесінен шығып, жүйелі жұмыс пен жоғары нәтиже көрсететініңізге сенеміз.
Ісіңіз сәтті, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болсын!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: