Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2 теңгелік скотч 99 мыңға сатылған

08.10.2025, 11:04 116

Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік сатып алуларда қарапайым скотчтің бір қаптамасы 99 мың теңгеге дейін сатылғанын жариялады. Бұл туралы halyqline.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың айтуынша, бюджеттік қаражатты мақсатсыз жұмсау мен бағаны жасанды көтеру арқылы қара нарыққа жол ашылған.

«Қарапайым орау скотчінің бағасы 2 теңгеден 99 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Айырмашылық шамамен 50 мың есеге жетеді, бұл орташа бағаны жасанды көтеру үшін жасалады», – деді Қайрат Бижанов.

Агенттік тергеушілері мұндай мыңдаған жағдайларды анықтап, жалпы 4 миллиард теңгеге дейін бюджеттік қаражаттың заңсыз жұмсалғанын мәлімдеді. Сонымен қатар кейбір тауарлар техникалық талаптарға сай емес болып шықты.

Қаржы мониторингі мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ашық әрі мөлдір етуге, бюджеттік қаражатты бақылауды күшейтуге уәде берді.

Фото: td-neko.ru

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: