АҚШ-та Ла-Гуардия халықаралық әуежайында Delta Air Lines компаниясының екі аймақтық ұшағы соқтығысып, бір бортсерік жеңіл жарақат алды. Бұл туралы ABC News-ке сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды, деп жазады halyqline.kz тілшісі.
Әуе компаниясының дерегінше, Endeavor 5155 рейсі ұшуға дайындалып жатқан кезде оның оң қанаты қонуға бет алған Endeavor 5047 ұшағының фюзеляжын жанап өткен. Салдарынан бір әуе кемесінде әйнек шытынап, экрандары зақымданғаны анықталды.
Delta мәліметінше, жарақат алған бортсерік сақтық шарасы ретінде жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Оқиға шамамен сағат 21:56-да болған. Әуежайдың жұмысына ешқандай әсер етпеген.
Delta Air Lines өкілдері әуежай әкімшілігімен, АҚШ Федералдық авиация басқармасымен және Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесімен бірлесіп тергеу жүргізетінін мәлімдеді. Компания жолаушыларынан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Фото: ©Pixabay.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!