Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыз деген жауыз

03.10.2025, 9:05 152

HALYQLINE.KZ

БҮГІНГІ САТИРА

Сөз қозғайын әріден,

Оқи қалсаң,

Әлемжеліден…

Бірін-бірі,

Шеттерінен ірі,

Сөзбен сабайды…

Қашып кетсең,

Сөз зынданға қамайды…

Кейде былай талайды:

…Күлгіш,

Жүргіш,

Шақшабас,

Мақтабас,

Мал,

Қураған тал,

Көбік,

Өлік,

Бит,

Ит,

Ботқа,

Шошқа,

Қиыршық құм,

Сүмелек сұм,

Ырбиған,

Жырбиған,

Сопақ,

Шопақ,

Деп жаза салады,

Біреуге ор қаза салады…

Өзінде бір мін жоқ,

Сол күйі таза қалады…

Не деген ауыз,

Ауыз кейде жауыз,

Көңілде тек маза қалады…

Мұхтар  ШЕРІМ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: