Қызылорда қаласының сол жағалауында бой көтерген жаңа стадион ең жоғарғы – 4-ші санатқа сәйкес сертификатталды. Осыған сәйкес, 4 қазан күні бірегей нысанда «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары арасында Қазақстан Премьер-лигасының финалдық кездесуі өтеді. Бұл матч жаңа стадиондағы алғашқы әрі ірі спорттық шараның бірі болмақ.
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының хабарлауынша, алдағы уақытта да УЕФА-ның 4-ші санатына сәйкестендірілген жаңа стадионда ірі көлемдегі матчтар мен ауқымды спорттық іс-шаралар өтеді деп жоспарланып отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!