Германияның Дортмунд қаласында ер адамды өрмекші шағып өлтірген, кейін оның денесін үйінде бағып жүрген жәндіктері мен кесірткелері жеп қойған. Mirror басылымының хабарлауынша, 30 жастағы Марк Фегельдің үйінде екі жүзге жуық экзотикалық жәндік пен бауырымен жорғалаушылар болған, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz интернет порталына сілтеме жасап.
Көршілері оның кенеттен жоғалып кеткеніне алаңдап, полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіргенде ер адамның мәйітін тапқан. БАҚ мәліметінше, үйде жүрген жәндіктер мен кесірткелер оның денесін кеміре бастаған.
Полицейлердің бірі көргенін нағыз қорқынышты фильмнің кадрына теңеген: бүкіл бөлме өрмекші торымен қапталған, ал өліктің мұрны мен аузынан өрмекшілер шығып жатқан.
Көршілер Марк Фегельдің пәтерін бір мезетте ботаникалық баққа да, жәндіктерге арналған қорқынышты инкубаторға да ұқсатқан.
Ресми дерек бойынша, оның өліміне қарақұрттың (қара жесір – black widow) уы себеп болған.
Фото: ©Pixabay.com
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!