Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жол құрылысы мен теміржол бекетін жөндеу жұмыстарын бақылады

19.09.2025, 11:20 151

HALYQLINE.KZ

Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов пен аудандық мәслихат төрағасы Жарқынбек Ғалымжан бірқатар инфрақұрылымдық нысанның жағдайымен танысты, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Алдымен Қожакент ауылдық округіндегі М.Жұмабаев, Ә.Молдағұлова көшелеріне жүргізілген орташа жол жөндеу жұмыстарын көрді. Мердігер «Жібек Жолы» ЖШС 2025 жылғы тамыз айында өз жұмысын толық аяқтап, бүгінде аталған көшелер пайдалануға берілді. Сондай ақ, жақын күндері Ы.Жахаев көшесінің құрылысы басталады.

Осы орайда аудан әкімі тиісті сала басшыларына жолдың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берді.

Бұдан соң Манап ауылдық округі, Талап станциясындағы жолаушылар платформасын жөндеу жұмыстарын бақылады.

Айта кетейік, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен 2025 жылдың мамыр айында «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ мен «Дәнекер» ЖШС арасында келісімшарт жасалып, Жаңақорған кентіндегі вокзал ғимаратын және Талап станциясының перронын қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жыл аяғына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Аудан басшысы сапар барысында жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмыс сапасын жақсарту бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: