Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көмірді қайдан және қандай бағада алуға болады?

15.09.2025, 18:00 341

Биыл елордада тұрғындарға көмір сатуға арналған 17 қойма (тұйық) бар, олардың ішінде 14 сату орны жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі astana-akshamy.kz сайтына сілтеме жасап.

Барлығы тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бұл сату орындарында 8 көмір жеткізуші компания қызмет көрсетеді. Олар мына мекенжайларда орналасқан: Герцен көшесі, 4/1, Герцен көшесі, 6/2, Көктал, 28/2, Мақат, 40, Жамбыл Жабаев көшесі, 76, Ахмет Жұбанов көшесі, 35, Дулатов көшесі, 182/1, 85-көше (ЖЭО-3 ауданы), уч. 9А, Герцен көшесі, 6Б.

Қазіргі таңда Астанада көмірдің орташа бағасы мынадай:

  • Шұбаркөл – 18 000 теңге/тонна;
  • Қаражыра – 18 500 теңге/тонна;
  • Майкөбе – 15 500 теңге/тонна.

Еске сала кетейік, қалада «109» бірыңғай нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Осы нөмір арқылы көмірдің қолжетімділігі, бағасы және сату орындары туралы қажетті ақпарат алуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: