Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәслихат депутаттары жылу маусымына дайындықпен танысты

09.09.2025, 10:48 180

Бүгін облыстық мәслихаттың Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаев және комиссия мүшелері аудан көлеміндегі әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындық барысымен танысты.

Сапар барысында Сырдария ауданы орталығындағы №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейдің, Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің Сырдария спорт клубы КММ-нің және аудандық аурухананың бу қазандықтарының жағдайын көріп, мекеме басшыларымен және жауапты мамандармен ой-пікір алмасты.

Облыстық мәслихат депутаттары мекеме басшыларымен жылу беру маусымына қаншалықты дайын және осыған байланысты қандай мәселелер бар екендігі жөнінде сұрап өзара талқылады.

Сондай-ақ, аудан бойынша газға қосылмаған білім беру ұйымдары, спорт нысандары және денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларына қысқа толыққанды дайындық жұмыстарын пысықтау бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: