Орал қаласында 8-14 қыркүйек аралығында жылу-электр орталығында жоспарлы жөндеу және профилактикалық жұмыстарға байланысты ыстық су беру бір аптаға тоқтатылады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
«Жайықжылуқуат» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Бекболат Қамешовтің мәлім еткеніндей, осы мерзімде ыстық су мен жылу-электр орталығынан берілетін электр қуаты уақытша тоқтатылады. Оның сөзіне қарағанда, электр қуатының тоқтатылуы қалаға жарық беруге әсер етпейді.
Сол секілді Орал қаласына қарасты Зачаган кентіндегі М.Мөңкеұлы ауданындағы №1 қазандық 8 қыркүйек күнгі сағат 09.00-ден бастап 13 қыркүйектегі сағат 18.00-ге дейін жөндеуден өткізіледі. Осыған байланысты М.Мөңкеұлы көшесіндегі 101, 108, 108/1, 108/2, 108/4, 108/5, 108/6, 110/1, 120, 79, 81, 81/1 көпқабатты үйлерде, №47 мектеп, №6 емхана және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде ыстық су болмайды.
– Мұның бәрі алдағы жылыту маусымы кезінде қаланы ыстық су және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатыр, — деді Б.Қамешов.
Фото: Pexels
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!